Кезекті жеңіс: Әлем кубогі кезеңінде отандасымыз конькимен жүгіруден алтын медаль жеңіп алды

93

9-шы Қысқы Азия жүлдегерлері әлемдік сындарда чемпион атануда.

Конькимен жүгіруден ұлттық құрама көшбасшысы Евгений Кошкин еліміздің спорт жанкүйерлерін тағы бір ірі жеңісімен қуантты. Польшада өткен Әлем кубогі кезеңінде отандасымыз 500 метрге конькимен жүгіруден алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Бұл Қазақстан үшін Әлем кубогіндегі 14 жылдан кейінгі алғашқы жеңіс. Соңғы рет отандық спортшылар әлемдік турнирде 2011 жылы командалық спринтте топ жарған болатын.

Әлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан жарыста отандасымыз 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Лорен Дюбрель мен Олимпиада қатысушысы, польшалық Марек Канияны артқа тастап, алтын жүлде жеңіп алды.

Бұл – Евгений Кошкиннің қысқа уақыт ішінде жеңіп алған екінші ірі жүлдесі. Ол мұның алдында Харбинде өткен 9-шы қысқы Азия ойындарында күмістен алқа таққан болатын.

Айта кетейік, Харбиндегі Азиадада жүлдеге іліккен спортшыларымыз әлемдік сындарға қатысып, Азия ойындарындағы жеңістерінің кездейсоқ емес екенін дәлелдеп жатыр. Бұған дейін ақ Азиадада шорт-тректен алтын алған Қазақстан құрамасы Миланда өткен Әлем кубогінде қола медаль еншілесе, мәнерлеп сырғанаудан үшінші орынға ие болған Михиал Шайдоров бірер күн бұрын Сеулдегі төрт құрлық чемпионатында алтын медаль олжалаған болатын.

Алдыңғы пост
Грантта оқыған түлектерге оқу ақысын қайтару туралы хабарлама келуде 
Келесі пост
Спортзалда тамақтанып, оқу бөлмесінде ұйықтаған: Мектеп интернатының халі мүшкіл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu