1-сыныпқа қабылдау үшін 250 мыңға жуық өтініш түскен

Теги: , ,
397

Елімізде балаларын 1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналардан 249 737 өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биыл бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр», – деді Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Қазіргі уақытта бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдердің жоғары көрсеткіштері Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Қарағандыда ресейлік жас жігіт 4 жасар қызды ұрлап кеткен
Келесі пост
Жыл басынан бері Қазақстан әскерінде 9 суицид дерегі тіркелді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu