26 қарашада Президенттің ұлықтау рәсімі өтеді. Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады

Теги: , , , , ,
26 ноября состоится церемония инаугурации Президента. Токаева с официальным визитом ждут в России и Франции
439

Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Алдыңғы пост
Алматы облысында цифрлық ономастикалық деректер базасы қалыптастырылуда
Келесі пост
Тоқаев Меккедегі Қағбаның етегінде не үшін дұға етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu