5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталады

Теги: , ,
268

5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі өтетін болады. Ол 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, 50 стипендия докторантура, 110 стипендия тағылымдама бағдарламалары бойынша үлестірілген. Басым мамандықтар тізімі 262 мамандықты көздейді.

«Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте «Болашақ» бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтін болады. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Енді кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0 – дан 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер – IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді.

Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады

Алдыңғы пост
Шымкентте қойма шатыры жанып кетті
Келесі пост
Шымкентте екі оқушы 6 жасар баланы құтқарып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu