317
Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды.
ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, оқиға Кербұлақ ауданында 28 қыркүйекте болған. Шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылған. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.
«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласқан. Соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», – деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.