357
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіндегілер «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тергеу барысында ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген азаматшаның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталған. Ол «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің аясында 2000-нан астам жеке тұлға тартылған. Келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады.
Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.