Ақмола облысының 46 жастағы тұрғыны криптовалюта арқылы ақша табамын деп, алаяқтарға оңбай алданды. Жәбірленушінің айтуынша, 28 қыркүйек пен 1 қараша аралығында белгісіз тұлғалар 6,5 миллион теңгесін алдау арқылы иемденіп алған.
Тергеу барысында тұрғынның интернет желісінің сайттарының бірінде менеджердің басшылығымен ақша капиталын көбейту мақсатында өтініш беруші криптовалюта ойнап, ақшалай қаражатты “ENS invest” компаниясының шотына және google қосымшасына аударғаны анықталды. Сайт 1 қарашада бұғатталып, әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталға фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілерді анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.