Ақмолалық әйел YouTube-тегі жарнамаға сеніп, 30 млн ақшасынан айырылды

220

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға оңбай алданып, қомақты қаржысынан айырылды. Әйел азаматы YouTube қосымшасында бірнеше рет “Халық банкі” және “ҚазМұнайГаз” платформаларында ақшалай қаражатты тиімді инвестициялау туралы хабарландыруларға тап болған екен. Қызығушылық танытқан ол өзінің байланыс нөмірін қалдырған. Кейінірек оған белгісіз адам қоңырау шалған. Ер кісі инвестициялық алаңда табыс табу үшін банктік шотына ақша аударуды сұрапты.

Алаяқтың бұл сөзіне сеніп қалған әйел бір айда сауда алаңының шотына шамамен 30 млн  теңге аударған. Ол үшін достары мен туыстарынан миллиондаған ақшаны қарызға алған. Сондай-ақ түрлі банктерден несие рәсімдеген. Кейінірек ақшаны қайтарып алуға тырысқан ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Ақмолалық полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Ұрылар дүкеннен 5 млн тұратын темекі өнімдерін ұрлап кеткен
Келесі пост
Кентау тұрғынынан мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәрі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu