286
Қанды оқиға 20 желтоқсан күні болған. Бұл туралы полицияға жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған өз күйеуі пышақ сұғып алған және оқиға орнынан қашып кеткен. 2 сағаттан өткен соң күдікті ретінде 26 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ оқиға болған жерді тексеру барысында қылмыс құралы – ас үй пышағы тәркіленген.
Күдіктінің айтуынша, сол түні жұбайы екеуі арасында жанжал болған. Ер кісі ол кезде алкогольдік ішімдік ішкен екен.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл факт Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторын қамалды.