Ақсуда мас тұрғын үйіне келген полицейді үтікпен ұрып, білегін тістеп алған

Теги: , , ,
472

Павлодар облысы Ақсу қаласында ішімдік ішіп, үйіндегілердің мазасын алған тұрғын полицейге тап берді. 

Полицияға Қамзин көшесіндегі пәтердегі отбасылық жанжал туралы қала тұрғыны хабарласып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ұлы мас күйінде жанжал шығарып, өзін агрессивті ұстаған. Аталған мекен-жайға учаскелік полиция инспекторы жеткен.

«Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемеген. Арессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан соғып, білегінен тістеп алған. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекен-жайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйінде болды. Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді,- деп хабарлады Павлодар облыстық ПД.

Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
«Жастар практикасы»: Шымкентте 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Келесі пост
Ұлттық ұланда «Үздік БТР экипажы» конкурсы басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu