339
Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік ер кісі құрықталды. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, шетелдікті криминалдық полиция басқармасы мен Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері бірлесіп жиһаз цехтарының бірінде ұстаған. Ресей азаматы 8 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынған. Яғни, күдікті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі “Зорлау” бойынша іздеуде жүрген.
Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.