311
Ақтөбелік келіншек көпірден секіріп кетпек болды. Оқиға 6 қараша күні сағат 13.25-тер шамасында теміржол станциясында орын алған. Көлік полициясына патрульдік полиция взводының полицейі телефон арқылы қоңырау шалып, өтпелі көпірдің үстінде белгісіз бір әйелдің секіруге ыңғайланып тұрғандығы жайында хабарлаған.
«Дереу оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелмен сөйлесіп, оны мұндай әрекеттен бас тартуға көндірген. Көпірден аман-есен түсіріп алынған әйел бөлімге жеткізілді. Оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді. Тексеру барысында аталған азаматшаның Ақтөбе қаласының тұрғыны екендігі анықталды» деп атап өтті Көліктегі Полиция департаментіндегілер.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.