429
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде 63 жастағы зейнеткер мен немересін көлік қағып кетті. Жол апаты бүгін Қонаев пен Құлымбетов көшелерінің қилысында орын алған.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кейуана оқиға орнында көз жұмды. Ал немересі балалар ауруханасына жеткізілді.
«Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. «Nissan Almera» маркалы автокөліктің 35 жастағы жүргізуші қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп атап өтті ведомстводан.