Ақтауда 5 жасар қызды зорлап келген бапкер сотталды

392

Ақтауда 5 жасар қызды бірнеше ай бойы зорлап келген бапкер сотталды. Сот үкімі Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

Соттың мәліметінше, 19 жастағы ер кісіге Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Жәбірленуші тарап оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Оның кінәсі дәлелденіп, сот 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2017 жылы дүниеге келген қызға бапкері сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны туралы қыркүйек айында белгілі болды. Жаттықтырушы жас қызды мамыр мен қыркүйек айылары аралығында өз пиғылын іске асырып келген көрінеді. Бапкер шәкіртіне бұл туралы ешкімге айтпау керектігін ескертіп отырыпты. Сұмдық жайт туралы бүлдіршіннің анасы кездейсоқ білген.

Алдыңғы пост
Астанада сөмкесінде 5 мың доллары бар жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан
Келесі пост
Мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu