​Ағзасын ауыстыру үшін Түркияға барған қазақстандық әйел ұсталды

Теги:
378

Ағзасын ауыстыру мақсатында Түркияға барған Қазақстан азаматшасы ұсталды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандасымызға жалған құжат жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы ведомствода өткен брифинг кезінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Біздің дипломаттардан түскен ақпарат бойынша түрік құқық қорғау органдары Қазақстан азаматшасын ұстаған. Ол Түркияға ағза трансплантациялау үшін барған. Алдын ала мәлімет бойынша, отандасымыз жалған құжат жасады деп айыпталып отыр. Ол донорды туысы ретінде көрсеткен. Бірақ донордың мүлдем басқа елдің азаматы болуы құзырлы органдардың күмәнін тудырған. Сондықтан қазақстандық әйел қазір қамауда отыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды», – деді министрлік өкілі.

Қазақстанның Түркиядағы консулдығы отандасымызға қатысты істі бақылауда ұстап отыр.

Алдыңғы пост
​Шымкентте жуынатын бөлмеден 11 жасар баланың мәйіті табылды
Келесі пост
​Пәтер алмақ болған Шымкент тұрғыны 7 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu