Абай облысында орман өрті кезінде тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті

Теги: , ,
444

Абай облысында алапат орман өртін сөндіруге барған жергілікті бір тұрғын хабарсыз кетті. 1987 жылы дүниеге келген ер адамның жоғалғанын облыстық Полиция департаментіндегілер растады.

Полицияға ер адамның туыстары хабарлаған. 1987 жылы дүниеге келген Бесқарағай ауданының тұрғыны Сергей Архипов 10 маусым күні жеке тракторымен өрт сөндірушілерге көмекке шыққан. Ол туыстарымен соңғы рет сол күні кешке байланысып, содан бері хабарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері мен ТЖМ мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Егер  сізде Сергей Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», – делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Алдыңғы пост
Түркия СІМ Абай облысындағы орманшылардың қазасына көңіл айтты
Келесі пост
Сарыағашта күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu