«Абай, Тәуке хан, Фариза». Шымкент мектептеріне ұлы тұлғалардың есімдері беріледі

Теги:
270

Шымкентте төрт білім ұясының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық Үкімет порталында Үкіметтің қаулысы талқылауға ұсынылды.

«Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Фариза Оңғарсынованың есімі берілсін;

Шымкент қаласы білім басқармасының «№80 IT мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ақселеу Сейдімбектің есімі берілсін;

«Шымкент қаласы білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі берілсін,

«Шымкент қаласының білім басқармасының «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Шымкент қаласының білім басқармасының «Тәуке хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта аталсын» делінген Үкімет қаулысында.

Алдыңғы пост
Шетелдік турист Алматыдағы әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңге төлеген
Келесі пост
29 жастағы бойжеткеннің аяғы кәріз жүйесі үстіндегі темір торға қысылып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu