Шымкентте танысына алданып қалған тұрғын полициядан көмек сұрады. Оның айтуынша, бірнеше жылдан бергі танысы Африкадан алтын әкеліп сататынын айтып сеніміне кірген. Және де өзінің бизнесі барын айтқан. «Егер де 20 мың АҚШ долларын алдын ала берсең, әр 20 күн сайын үстіндегі пайдасы ретінде тура сол сома түсіп отырады» деген алаяқ құрғақ уәдемен қомақты ақшасын алған.
«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бір тәулік ішінде күдікті қала аумағынан ұсталды. Ол Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеу барысында күдіктінің алтын саудасымен айналысатыны белгілі болды» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.
Қазіргі уақытта күдікті әйелдің алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.