402
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы болады.
Күндізгі уақытта 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады. 8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстықтың +22-тан +30°С дейін төмендеуі ықтимал.