Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы газға уланып көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, 52 жастағы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Барлығы да қайтыс болған. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. 1973 жылы дүниеге келген әйел Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді.
Бұл отбасы 2 ай бұрын Тараз қаласынан Алматы облысына көшіп келген екен.
«6 қазан күні таңғы сағат 5-те жолдасы әйелін жұмысқа апарып, үйдегі ұлдарына қайтып келген. Жұмыстан кейін үйге оралған әйел шамамен сағат 16.00-де ұлдары мен күйеуінің денесін тапқан. Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған»,- деп атап өтті ТЖД.