330
Алматы полициясы еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады. Ведомство мәліметінше, қалада салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, адам қаза тапты. Оқиға кеше, 30 қараша күні болған.
«Іс Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу). Фактіні Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» делінген мәліметте.