​Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Теги: ,
640

Алматыда жезөкшелікті кәсіп еткен жеңіл жүрістілердің интим-салоны анықталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Медеу ауданындағы Шухов көшесінде орналасқан күмәнді мекемеге тексеру жүргізген.

«Салон рейдтік іс-шараның нәтижесінде анықталды. Тексеру барысында онда интимдік қызмет көрсететін сегіз әйел болды. Үйін жезөкшелікпен айналысу үшін жалға берген үй иесі жауапқа тартылды. Ал салон қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 492-бабы бойынша әкімшілік айыппұлға тартылды. Олардың барлығы сырттан келгендер, Алматыда тұрақты тіркеулері жоқ», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Алдыңғы пост
​ҰҚК Қызылордада арнайы операция өткізіп, қылмыстық топтың 32 мүшесін ұстады
Келесі пост
Кентауда жас жігіт үй құстарын ұрлап әкетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu