Алматыда туған қызын бірнеше рет зорлаған әкеге сот үкімі шықты

Теги: , , , ,
481

Алматыда өзінің туған қызын зорлаған педофил әке сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды. Тергеу амалдарын Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізген.

Полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріповтің айтуынша, іс жүргізу материалдарында 1979 жылы дүниеге келген ер адам 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса денсаулығына да зиян келтіргені анықталған. Жасөспірім қыз бұл туралы анасына тек екі жылдан кейін айтқан екен. Ол өз кезегінде дереу полицияға арызданған. Қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстаау изоляторына қамауға алынды.

«Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді», – деді полиция полковнигі Олжас Шәріпов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен педофил әке кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдыңғы пост
Оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруы дұрыс па? ҚМДБ пікір білдірді
Келесі пост
Атыраулық жігіт балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu