Алматылық әккі ұры тойханаға келген әртістерді тонап келген

Теги:
364

Алматыда ер адам тойда өнер көрсетіп келген әртістерді тонап жүрген. Алатау аудандық Полиция басқармасында хабарлағандай, 31 жастағы күдікті – сериялық ұры болып шыққан. Polisia.kz жазуынша, оның осы уақытқа дейін ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бары анықталған.

«Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларына түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Алдыңғы пост
Шымкенттік полицейлер көлік ұрыларын небәрі 3 минутта ұстады
Келесі пост
Саябақта ән айтып танылған қырғызстандық келіншек ресейлік бағдарламаға қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu