358
Алматыда қызметтік көлік мінген патрульді полиция полкінің қызметкері 49 жастағы тұрғынды қағып кетті. Әйел азаматы оқиға орнында көз жұмды. Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта орын алған. Қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, 1993 жылғы тәртіп сақшысы Жансүгіров көшесімен келе жатып Ақпаев көшесімен қиылыста алматылық тұрғынды қағып кеткен. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелген. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.