​Антикор «Астана-Зеленстрой» ЖШС директорына қатысты тергеуді аяқтады

Теги: ,
361

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бас директорына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ведомство дерегінше, ол ағымдағы 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директорынан 9 млн теңге қаражат алды деген күдікке ілінген. Бұл сома Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін алынған.

«Тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен расталды. Оған ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды» делінген агенттік мәліметінде.

Алдыңғы пост
​Атырауда көлік тізгіндеген 14 жасар оқушы көз жұмды
Келесі пост
​Қонақтан қайтқан Ақмола тұрғынын жас жігіттер соққыға жықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu