Шымкенттегі педагог мәртебесі туралы министр Аймағанбетов мұғалімдермен сөйлесті

Теги:
327

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқытушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, БҒМ басшысы мегаполистегі ең көне оқу орындарының бірі – №1 мектеп-гимназияда, жол-көлік колледжінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.

Мұғалімдер мен мектеп директорлары, колледж оқытушылары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы министрге өз сұрақтарын айтты. Сонымен қатар, педагогтар мектеп директорларын тағайындау, ротация институтын енгізу бойынша ұсыныстар енгізді, педагогтерді жұмысқа конкурстық қабылдау қажеттілігі, заңнамалық деңгейде оқулықтар әзірлеуге қойылатын талаптарды қатаңдату, мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы айтты. Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

“Қазақстанда” педагог мәртебесі туралы ” Заң қабылданды, мектеп мұғалімдерінің жүктемесі төмендеді. Яғни, әр мұғалім бір жұмыс күні ішінде тек екі құжатты – сабақ жоспары мен оқу журналын толтырады. Алайда, мұғалімдер өздерінің назарын тек дарынды балаларға ғана емес, сонымен бірге үлгермеген балалармен жұмысты күшейтуі керек. Сынып жетекшілері үлгерімінің төмендеу себебін анықтау үшін балалардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеуі керек. Мұнда мен лицейлердің ата-аналармен жұмыс тәжірибесін қолдаймын”, – деп атап өтті спикер.

Мемлекет басшысының Жолдауында: 2025 жылға дейін қазіргі мектептерде 800 мың баланы оқыту үшін жағдайлар жасалатын болады. Осылайша мемлекет апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешеді. Бұл ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықты айтарлықтай азайтады.

Білім министрлігінің мәліметінше, еліміздің 7680 мектебінде 3,7 млн бала оқиды. Шымкентте Президенттің “жайлы мектеп” жобасы бойынша 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарлануда. Соңғы екі жылда жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 21 300 орындық 50 мектеп пайдалануға берілді. Жақын арада кәсіпкерлер тағы 25 мектеп салуға ниетті. Нәтижесінде 2023 жылы үш ауысымды білім беру мәселесі, ал 2025 жылы – сыныптар саны жоғары мектептердің проблемалары толығымен шешілетін болады.

“Қазір мұғалімдерді мектепке қабылдау электронды конкурс негізінде жүргізілуде. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру мақсатында мектеп директорларын ротациялау басталды. Оны алғашқылардың бірі болып Шымкент өткізді. Иә, қарсылық болды. Бірақ бұл білім сапасын арттыру үшін қажетті тәжірибелердің бірі. Егер биыл республиканың барлық өңірлерінен 1000 мектеп директорын ротациялау жоспарланған болса, қазіргі таңда 700 мектеп ауыстырылды. Болашақта мектеп басшылығы жеті жылдан асқан жағдайда ғана ротация болады”, – деді А.Аймағанбетов.

Сондай-ақ, министр оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістерге тоқталды. Жаңа оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныпта “Әліппе” және “Ана тілі”, екінші сыныпта – “орыс тілі”, үшінші сыныпта – “ағылшын тілі”пәндері енгізіледі. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі бірінші сыныптан бастап, ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады.

Алдыңғы пост
Тұрғын үй қолжетімді бола түсуде
Келесі пост
Қылмыстық процестің үш буынды моделі өзін оң жағынан көрсетеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu