Асхат Аймағамбетов педагогтардың біліктілігін арттырудағы тың әдістерді айтып берді

Теги:
329

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл туралы министр Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қойған сауалына жауап берді. Оның айтуынша, ұстаздардың біліктілігін арттыруда бірнеше жаңа тәсіл қолданысқа енгізіліп отыр.

«Бұл бойынша біз бірнеше бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Біріншіден: олардың біліктілігін үздіксіз арттыру үшін заңнамаға өзгерістер енгіздік. Яғни, Президент тапсырмасын орындадық. Енді педагогтар бес жылда емес, үш жылда біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Екіншіден: педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу үшін шекті балды 50-ден 75 балға дейін көтердік»,-деді Асхат Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрінің сөзінше, енді ұстаз болу үшін бір ғана диплом жеткіліксіз.

«Үшіншіден: биылдан бастап педагогикалық мамандыққа жұмысқа тұру үшін тек дипломмен емес, өз пәнінен арнайы тест тапсырып, сертификаттан өту енгізілді. Төртіншіден: біліктілікті арттыру курстарының барлық бағдарламасын түбегейлі өзгерттік. Бесіншіден: биылдан бастап жаңа форматта әр пән бойынша курстар енгіздік. Бұдан өзге педагог курстан өткеннен кейін емтихан тапсырады. Тек емтихан тапсырған педагог қана сертификат алады. Тапсыра алмағандарға қосымша көмек көрсетеміз», – деді ол.

Алдыңғы пост
Шымкент әуежайында түркістандық тұрғыннан діни мазмұндағы 222 кітап табылды
Келесі пост
Сарыағашта ауыл әкімінің орынбасары 13 жасар қызды зорламақ болған ер кісіні ұстады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu