330
Елордада қоғамдық автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды. Мәйітті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.
9 қараша сағат 8:20 шамасында “102” қызметіне Бөгенбай батыр даңғылындағы “Көктем СҮ” аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, кісі өлімін анықтады. Полиция департаментінің мәліметінше, 51 жастағы ер адамның мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.