Астанада ер адам танысының жаңа көлігін өртеп жіберді

213

Астанада 42 жастағы ер кісі таныс әйелдің қымбат көлігін өртеп жіберді. Оқиға таңға жуық уақытта болған. Hyundai Tucson автокөлігінің өртеніп жатқанын көрген әйел дереу полицияға хабарлаған. Көлік Күйши Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Шақыру бойынша келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады. Ол мас күйінде болған. Оның мұндай қадамға баруына жеке жеккөрушілік қарым-қатынас салдары себеп болыпты. Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің үй ауласына келген. Содан көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген. Жану салдарынан жәбірленушіге  19 млн теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті тоқтатты. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ер адам  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды
Келесі пост
Барымташылар ауыл тұрғынының 4 бас жылқысын ұрлап әкеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu