​Астанада кассир әйелді дүкен ішінде өлтіріп кетті

Теги:
389

Елордада жаға ұстатарлық оқиға орын алды. Кеше, 20 қазанда кешкі уақытта полицияның 102 арнасына ер адамның дүкен кассирін пышақпен өлтіріп кеткені туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына дереу полицейлер шығып, дүкен ішінен пышақ жарақаты бар әйелдің денесі табылды. Мәйіт касса маңындағы еденде жатқан.

ІІМ-нің Telegram-каналының жазуынша, алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Полиция мәліметінше, аяқ киім дүкеніне келген ер адам кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберген. Ал өзіне пышақпен шабуыл жасаған.

Күдікті ретінде 32 жастағы азамат ұсталды. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Жолдардағы кептелістер азаяды
Келесі пост
“Бірге жақсылық жасайық” челленджде 6505 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu