Астанада мас жігіт аулада тұрған автокөлікті айдап кеткен

338

Астанада мас ер кісі түнгі уақытта үйдің ауласында тұрған белгісіз адамның көлігін ұрлап кеткен. Темір тұлпарынан айырылған тұрғын дереу полициядан көмек сұраған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол 27 жастағы жас жігіт болып шықты.

Тергеу кезінде күдіктінің мас Қорғалжын тас жолының бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Opel Frontera» маркалы автокөлікті есігінің құлпын бұзу арқылы кіріп, көлікті айдап кеткені анықталған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Алматыда лифт құлап, жұмысшы көз жұмды
Келесі пост
Шымкентте бас дәрігерден 1 млн талап еткен блогер сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu