​Астаналық келіншек емізулі баласымен таксист боп нәпақа тауып жүр

Теги: ,
293

Астана тұрғыны емізулі сәбиімен такси жүргізуші болуға мәжбүр. Өйткені келіншек жалғызбасты. Осылайша күн көріп жүрген әйел туралы Мұхтар Өміртай есімді Instagram қолданушысы жазып, оның видеосын жариялады.

«Такси шақырдым. Рөлде – орамал тартқан жас келіншек. Алдыңғы жолаушыға арналған орындықта жөргектегі бала жатты. Мұндайды алғаш көрген мен тосырқап қалыппын. 5 минут жүрдік пе, жүрмедік пе бала жылады. Жүргізуші келіншек сасқан жоқ, баланы бір қолымен көтеріп, алдына алды. Емізді-ау деймін, бала жылауын қойып, тынышталып қалдық. Үнсіз отыруға шыдамым жетпеді, жөнсіз болса да жүргізуші келіншекті әңгімеге тарттым» деп жазды автор.

Таксистің сәбиі бес айлық. Таңғы жетіден түске дейін таксилетіп, түскі астан соң қайта жұмысқа шығады екен.

“Енді қайтеміз” деп әңгімеге селқостық танытты. Қазбалап сұрауға ниеттенсем де көңіліне қарап мен де үнсіз қалдым. “Жолдасым жоқ” дейді. Енді ойға батып отырмын. Әркімде әр түрлі тағдыр ғой. Бірақ неге босана салып, осы күйбең тірлікке кірісіп кетті екен. Көлікке де күні-бойы кім көрінген мінеді. Ауру-сырқауы бар. Қандай дені дұрыс адам жөргектегі сәбиді шырқыратып, түнге дейін таксилетеді? Әрине, қажеттілік. Амалдың жоқтығы. Кредиті бар шығар. Бұл жағдайға кімді кінәлаймыз? Біз үлкен ел емеспіз бе, “Әділетті, жаңа Қазақстанбыз ғой”. Ал бұл жағдай әділеттілікке жата ма? Баласы үлкен азамат болсын. Тілеулес болып қана қаламыз біз енді» деп толықтырды автор.

Көп ұзамай Астана қалалық Полиция департаментіндегілер таксист келіншекті анықтаған. Онымен балаларды тасымалдау талаптарын бұзу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіліпті. Полиция департаментінің мамандандырылған батальонының қызметкерлері әйелге тамақтандыруға арналған балалар орындығын сыйлады.

Алдыңғы пост
​10 көшеге аяқжол салу жұмыстары жүргізілді
Келесі пост
​Баспана мәселесіне қатысты азаматтарды қабылдау өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu