Астаналық тұрғын супермаркеттен 6 қорап жөргекті ұрлаған

203

Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны супермаркетте келіп, 6 қорап жөргекті (памперс) қолды етті. Келтірілген шығын 56 мың теңгеден астам соманы құрады. Оның бұл қылмысы сауда орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға Кенесары көшесінде кешкі уақытта болған. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер кісі сатушының сауда залында болмаған сәтін пайдаланып, сөреде тұрған тауарды жамқырған. Содан дүкеннен шығып кеткен. Қолды еткен жөргектерді көшеде  кездейсоқ кездескен адамдарға сатып жіберген.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
«Арзан бағада қант сатамын». Тараздық ер кісі 4 млн теңгесінен айырылды 
Келесі пост
Оралда ішімдікке тойып алған жүргізуші жол апатын жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu