​Астаналық жас жігіт дүкеннен бағалы күртешені тегін алып кетпек болды

Теги: ,
360

Астанада сауда, ойын-сауық орталығындағы дүкенге келген тұрғын арам пиғылын асырмақ болды. 23 жастағы жігіт сауда орталығына клиент ретінде келіп, өзіне ұнайтын киімді ілгіштен алған. Содан оны қолында ұстап, сауда залында жүрген. Кейін сол күртешемен шыға беріске жақындап, кетіп қалмақшы болған. Бірақ оның бұл айласы іске аспай қалды. Жігітті өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері ұстады.

«Ер адам дереу полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде» делінген Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
​Ақтөбеде өмірден түңілген әйел көпірден секіріп өлмек болды
Келесі пост
Ата-енесін билеп тұрып қарсы алған көңілді келінге жұрт риза болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu