399
Астанада 23 жастағы жігіт иіссу ұрлаймын деп істі болды. Оқиға Керей Жәнібек хандар көшесіндегі парфюмерлік дүкендердің бірінде болған. Дүкенге сатып алушы ретінде келген жігіт сатушылардың назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, сөреден екі дана «Versace» маркалы иіссуларды ұрлап кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 36 мың 700 теңгені құрады.
Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр.