318
Атырау облыстық Полиция депртаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтаған күдіктіні анықтады. Оның үйінен салмағы 8 кг 867 гр құрайтын 206 дана полиэтилен қапшықтағы зат тәркіленді. Сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол кептірілген марихуана өсімдігі болып шықты. 49 жастағы күдікті облыс орталығының тұрғыны қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.