333
Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны туысының қомақты қаржысын ұрлап кетті. Ол 58 жастағы туысында 30 мың АҚШ доллары барын көрген соң арам ойын іске асырған. Оның ішінен 11 мың долларды байқатпастан ұрлап кеткен. Бұл туралы polisia.kz жазды.
«Балауса» ықшамауданында тұратын тұрғын ақшасы ұрланғанын көріп, полицияға шағымданған.
Анықталғандай, күдікті 8 мың АҚШ долларды үй ішіндегі әжетханаға жасырып қойған. Қалған 3 мың долларын өзімен бірге алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай ол ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.