Қазақстанда қазан айында жылдық инфляция 18,8%-ды құрады, азық-түлік тауарлары – 23,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 17,9%-ға, ақылы қызметтер – 13,5%-ға өсті, деп хабарлайды Elitar.kz. Kazpravda.kz-ға сілтеме жасап.
Қазан айында айлық инфляция 1,6%-ды құрады. Қазан айында 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.
Мәселен, қызанақ – 21%-ға, қияр – 14,7%-ға, жұмыртқа – 6,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері – 2,3%-ға, нан және ұн өнімдері – 2,2%-ға, алкогольсіз сусындар – 1,9%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,8%-ға қымбаттады. Керісінше, сәбіз – 5,6%-ға, қызылша – 5,5%-ға, пияз – 5,1%-ға, картоп – 3,5%-ға, қырыққабат – 2,6%-ға арзандады. Ал түйіршіктелген қанттың бағасы 2,3%-ға төмендеді.
«Азық-түлік емес тауарлардың ішінде жуу құралдары мен тазалау құралдарының бағасы ең жоғары – 5%-ға, киім мен аяқ киім, жеке заттар, тұрмыстық заттар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ – 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары – 1,7%-ға қымбаттады. Көмір 2,1%-ға, отын 1,7%-ға қымбаттады.
Соңғы айда ақылы қызмет көрсету бағасының деңгейі 1,7%-ға өсті. Қонақ үй қызметтеріне – 6%-ға, кешенді демалысты ұйымдастыруға – 4%-ға, демалыс және спорттық шаралар саласындағы қызметтерге – 3,3%-ға, моншаға – 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарына – 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру – 2,2%-ға өсу тіркелді», – деді статистика мамандары.
Айта кетейік, бір ай бұрын MIT ірі сауда желілеріндегі кейбір өнімдерге бағаның өсуінің төмендеуін болжаған еді. Алайда, қарашаның 3-і күні Үкімет басшысы мамандарды бағаны ұстаудағы нашар жұмыстары үшін сынға алып, ҚР МТИ Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырған болатын.