Қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты

Теги: , ,
433

Елімізде қонақ үй бизнесімен айналысушылардың табысы артты. Яғни, 2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақ үйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрайды.

«Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан – 8,5 есе, Үндістаннан – 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан – 3,8 есе, Ираннан – 3,8 есе, Германиядан – 3 есе, АҚШ-тан – 2,2 есе артып отыр»,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Алдыңғы пост
Шымкенттік полицей қызметтік көлікпен 2 адамды қағып кетті
Келесі пост
Шымкентте қолжетімді бағада мектеп жәрмеңкесі өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu