Қазақстанның ғылыми әлеуеті 1990 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген

353

​Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки «Отандық ғылымды қолдау: гранттық жобалар мен бөлінетін қаржатты арттыру» туралы мәлімдеді.

«Кез-келген елдің ғылымының дамуына негізгі төрт фактор әсер етеді. Бұл – кадрлық әлеует, қаржыландыру көлемі, ғылымның нақты сектормен байланысы және ғылымды әкімшілендіру сапасы.

Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам ғылыми кадр бар. Оның 36%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.

Бір миллион халыққа 1172 ғалым келеді. Бұл көрсеткіш 1990-жылмен салыстырғанда 2 есеге азайған.

Ғылыми әлеует ғылымды қаржыландырумен тікелей байланысты.

2021 жылы жалпы ішкі өнімге шаққандағы ғылымның қаржыландыру көлемі 0,13%-ды құрады.

Әлемдік тәжірибеде ғылымның нәтижелілігі – қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнен 1%-дан асқан кезде болады деп саналады.

Дамыған елдерде бұл көлемнің үштен екісі жеке инвестициялардан қалыптасады. Мемлекет көбінесе іргелі зерттеулерді қаржыландырады. Бізде барлық жауапкершілік республикалық бюджетке тиесілі.

Негізгі міндеттерді айқындадық. Олар ғалымдар санын көбейту, ғылыми экожүйені нығайту, ғылымның экономикаға үлесін арттыру және ғылымды басқаруды жетілдіру.

Ең әуелі, Ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгерді.», – деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.

Еліміздегі ғылым саласын және қазақстандық ғалымдарды қолдауға арналған келер жылғы қаражат көлемі ұлғайтылды.

Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға 3 конкурс жариялап отыр:

1) Бюджет көлемі 3 млрд. теңге болатын «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс;

2) Қаражат көлемі 9 млрд. теңге болатын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс;

3) Бюджеті 74 млрд.теңгеден асатын 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған жалпы конкурс.

Cоңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті. Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар үш жылда бір рет жарияланса, енді конкурстар жыл сайын өткізіледі

2017-2018 жылдар Ұлттық кеңестер жұмысына үлкен сын болды. Шешімдер жасырын түрде жабық қабылданатын. Қазіргі таңда Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысының форматы өзгерді.

Сонымен қатар, Дархан Жұмақанұлы Ұлттық кеңес шешімдерінің объективтілігі мен негізділігін арттыруға бағытталған Апелляциялық комиссия құрылғандығын атап өтті.

Конкурстық рәсімдерді жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Олардың мерзімі 2 есе қысқартылды, ғалымдарға қаржылық дербестік берілді.

Осы орайда отандық ғалымдарға қолдау көрсету және ғылымның дамуына жан-жақты ықпал етудің бірден-бір жолы ол жыл сайын гранттық қаржыландыру конкурстарын өткізу және оған бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту болып табылады.

«Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасында және ҚР Ғылымды дамыту тұжырымдамасында ғалымдардың жалпы санын 1,5 есеге 34 мың адамға дейін ұлғайту және жас ғалымдардың үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту міндеті қойылған.

Бүгінгі таңда 451 жобада екі мыңнан астам жас ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруда. Бұл жобалар жас зерттеушілердің жаңа дағдылар мен құзыреттерді, топ құрамында басшылық ету мен жұмыс тәжірибесін алуға, олардың жариялау белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ғылым комитетінің басшысы гранттық қаржыландыруға арналған жалпы конкурстың көлемі алдыңғы конкурстармен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайғанын, бұл 2023-2025 жылдарға – 74,07 млрд. теңгені құрайтынын ерекше атап өтті.

Жан-жақты қолдау мен барлық қабылданған шаралардың арқасында жас ғалымдардың үлесі 2025 жылға қарай кемінде 50% – ға жетуі тиіс деп болжануда.

Алдыңғы пост
​Басқосуға түрлі маман иелерінің киімін киіп келген достар желідегілерді тәнті етті
Келесі пост
Қазақстандық оқушы Мәскеудегі nail-индустрия халықаралық чемпионатының қазылар алқасын тәнті етіп, өз санатында жеңіске жетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu