Көкшетауда «Достық» балабақшасы тәрбиешісінің балаға дөрекіліп танытып, жұлқылаған кезі видеоға түсіп қалған. Оны Instastagram-дағы @eto_kokshetau_detka парақшасы жариялады.
Балабақшада болған оқиғаның видеосы мен жарақат алған ұлының фотосын желіге анасы шығарған. Оның айтуынша, тәрбиеші ұлын жұлқылап қана қоймай, дәретханада ұрған екен.
Баласының денесіндегі жарақатын көрген әйел дереу бақшаға барып, мән-жайды анықтап болыпты. Алайда ондағылар бүлдіршіндер өзара төбелесіп қалды деген. Бірақ тура сол кезде бала өзін тәрбиеші ұрғанын айтқан.
Бұл оқиға бойынша Көкшетау қалалық білім бөліміндегілер пікір білдірді. Олар арнайы комиссия құрылғанын, қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады. Кінәлілер жазасыз қалмайды деп сендірді білім бөліміндегілер.