Баланың туу туралы куәлігін енді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады

444

Енді баланың туу туралы куәлігін алу одан да оңайырақ. Сізге бұдан былай бірнеше сағат бойы кезекте тұрудың қажеті жоқ. Kaspi.kz Әділет, Денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен “ҰАТ” АҚ бірлесіп бірегей мүмкіндікті іске қосты.

Енді бұл көптен күткен құжатты платформа пайдаланушыларына баланың туу туралы куәлігін беру Kaspi.kz сервисінің көмегімен бірнеше минут ішінде оңай рәсімдеуге және онлайн алуға болады

Kaspi.kz. әкімшілігі түсіндіргендей, туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдау керек.

Өтінімді берген кезде ата-аналар Kaspi.kz қосымшасында бейнетексеруден өтуі – смартфон камерасына бетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.

Бұған дейін әлеуметтік шот ашу және баланың тууы бойынша жәрдемақы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер ресімдеу сияқты қызметтер ашылғаны белгілі.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ақпараты бойынша, “бала туған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақыларды ресімдеу үшін SMS-хабарлама және баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді. Енді Kaspi.kz қосымшасында куәлікті рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды”.

 

Алдыңғы пост
Ұ​лтты тәрбиелейтін ұстаз
Келесі пост
Шымкентте инфрақұрылым дамуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu