​Басқосуға түрлі маман иелерінің киімін киіп келген достар желідегілерді тәнті етті

Теги:
296

Басқосуға түрлі-түсті тағамдар алып келіп, көңіл көтеріп жүрген қазақстандықтар енді кезекті отырыста ерекше тәсіл ойлап тапты. Бұл жолы отбасымен араласатын достар кешке түрлі маман иелерінің киімін киіп келді. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

Бейнежазбадан басқосу өтетін үйге кіріп келген жұптардың бірі аспаздың, енді бірі әскери қызметшілердің қызметтік формасымен киген. Келесі ерлі-зайыпты дәрігердің, кейінгісі мұғалімнің, судьяның, суретшінің, тіпті әскери-теңіз флоты сарбаздарының киімін киген.

Ерекше басқосу ұйымдастырған достардың бұл идеясы көптеген желі қолданушыларын тәнті етті.

«Күшті шыққан, достарыңыз аман болсын», «Жарайсыздар, қандай маман иесі болмасын берекелі болсын. Челлендж деп осыны айт, өте керемет», «Достықтарың арта берсін», «Бақытты отбасылар көбейе берсін», «Керемет, Алла жұптарыңызды мәңгі етсін», «Мықты, осындай тақырыптағы кешті ұйымдастырған сіздер алғашқы адамсыздар» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
«Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» республикалық акциясы өз мәресіне жетті
Келесі пост
Қазақстанның ғылыми әлеуеті 1990 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu