491
Оқиға Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында болған. Түнгі клубтағы төбелес туралы полицияға сағат 03:50 шамасында хабарлама келіп түскен.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 20 жасар бойжеткен бұзақылық ниетпен 1988 жылғы әйелді ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Анықталғандай екеуі де ішімдікке масаң күйде болған. Өзара сөзге келіспей, араларында жанжал туындаған. Зардап шеккен 34 жастағы азаматша ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.