354
Астанада «Шарын» сауда үйіндегі кезекті ұрлық қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл жолы 67 жастағы ер адам құны 6 мың теңге болатын кептірілген жемістер салынған дорбаны ұрлап кеткен.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын демалыс күні әйелімен бірге базарлық жасауға барған. Жұбайы дүкенге кіре кеткен кезде бейнекамераны байқамаған күйеуі тауар салынған дорбаны алып, кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнекамералары арқылы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зейнеткер ұрлық жасағанын мойындады.