431
Шаңырақ көтерген жас жұбайлардың тойында әулеттің келіндері ерекше тосын сый жасады. Жеңгелердің бірі «Қызға тілек» әнін орындап, қалған 13 келін жұптарымен вальс биледі. Барлығы да біркелкі ақ орамал тағып, қазақтың ұлттық киімін киген. Әннің мәтініне үңілсек, олар тұрмысқа шыққан қыздың жеңгелері секілді.
Тосын сыйдың видеосын әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасына жүктеді. Оны көрген желідегілер абысындардың тату-тәттілігіне тәнті болып, жастарға бақыт тіледі.
«Қандай керемет, Алла тіл-көзден сақтасын», «Керемет ұйымшылдық», «Бақытты болыңдар», «Берек-бірліктерің арта берсін», «Ағайынның татулығы арта берсін, көпке үлгілі отбасы болып жүре беріңіздер», «Қандай күшті» деп жазды желі қолданушылары.