Биыл 364 мың бала бірінші сыныпқа барады

Теги: , ,
506

Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады, оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Қазақ тілін таңдаған өңірлер қатарында Шымкент көш бастап тұр.

Жалпы Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда.

“Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр” деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Алдыңғы пост
Шымкентте жұмыстағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлап кеткен жігіт сотталды
Келесі пост
Шымкенттік дәрігерлер жылқы тепкен 9 жасар балаға бірнеше ота жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu