ҰБТ кезінде қолданылған шпаргалка түрлері жария етілді

Теги: , ,
659

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ кезінде сынақ тапсырушылар қолданған шпаргалка түрлерін жария етті. 

Орталық директорының айтуынша, жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы – 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни, көрсеткіш 400 есеге азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді.

«Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ деп шпаргалкаларға жүгінетін талапкерлер әлі де бар. Мысалы, ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша ең креативтілері осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдау мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Айта кетсем, тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады» деп жазды Руслан Емелбаев желі парақшасында.

Естеріңізде болса, өткен жылы постмониторинг нәтижесінде 200-ден астам адамның нәтижесі  жойылды. Оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады.

Айта кетейік, биылғы сынақтың мәреге жетуіне екі апта уақыт қалды.

Алдыңғы пост
1 шілдеден бастап жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы тоқтатылады
Келесі пост
Шымкентте 3 адамды мерт қылған жүргізушіге үкім шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu