406
Өскеменде сауда ойын-сауық орталығындағы дүкен қызметкерлері жұмыс берушіні шығынға батырды. Жекеменшік шектеулі серіктестің өңірлік басқарушысы полицияға арызданған. Өтініш берушінің ақпараты бойынша шілде-қараша аралығында сауда орталықтың дүкен қызметкерлері шамамен 19 млн теңгенің мүлкін жымқырған. Polisia.kz жазуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде төрт күдікті ұсталды. Олардың барлығы жоғары оқу орнының 20 мен 21 жас аралығындағы студенттері. Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.